«Компания Армантай» бөбекжай бақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, Отандық білім берудің алдындағы жаңа міндеттер мен талаптарды орындау барысында, балалар бақшасына деген сұраныстың жоғарлауына байланысты, елімізде көптеген мектепке дейінгі ұйымдар ашыла бастады.

Осыған орай, Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты, «Мирас» ықшам ауданындағы  Маусым көшесінде, жер аумағы 0,8га құрайтын, «Компания Армантай» бөбекжай бақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011 жылы ашылды.

 

Бөбекжай-бақша жалпы –5 топтық, 150 орынға негізделді.

Бөбекжай-бақшада мынадай топтар жұмыс жасайды:

-Ерте жас / 1жастан/

-Кіші топ /2жастан/

-Ортаңғы топ /3 жастан/

-Ересек топ /4жастан/

-МАД топ /5жастан/                 

 

Мекеме бірі қабатты,автономды жылыту жүйесімен,су, электр жүйелері орталықтандырылған, телекоммуникациямен қамтамасыз етіліп,өртке қарсы дабыл (сигнализация) орнатылған. Асхана, азық-түлік қоймасы, кір жуатын бөлмелер мен шаруашылық материалдарын сақтайтын қойма бар.

Егу және оқшаулау бөлмелерден тұратын төлқұжаттандырылған медициналық кабинетпен қамтылған. Бөбекжай –бақшада жалпы 15 бейне камералар орнатылған, оның 10 данасы мекеме ішіне, 5 данасы мекеменің сыртына орналастырылған.    

Барлық топтар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған жаңа жиһаздармен, ойын және көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген.

Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарқататын бөлмелері бар.

Арнайы бөлінген әр топқа арналған ойын алаңдары мен құралдары орналасқан   алаңқайлар бар.

 

Бөбекжай-бақшаға тәрбиеленушілер INDIGO24.kz электронды жолдамасы бойынша 1жастан бастап қабылданады. Бөбекжай-бақша   жұмысын 8:00 ден бастап, кешкі  сағат 18:30 да аяқтайды. Жұмыс 5 күндік жұмыс  жүйесіне негізделген.

Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау HR-Process кадрларды іріктеу жөніндегі автоматтандырылған жүйе http://www.hr-process.kz/ сайт) арқылы қабылданады.

Ас мәзірі таңғы, түскі және бесін ас мәзірімен тағайындалған.