Меңгеруші
Усебова Лазат Рысбековна, 03.08.1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт елді мекенінде туылған М.Әуезоов атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің «Батауышты оқыту педагогикасы жәнеәдістемесі қосымша ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп, 1993 жылы Шымкент қаласы №41 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі жұмысын атқарды.
1995-1998 жылдар арасында Қалалық «Арман» гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі жұмысын атқарды.
1998-2003 жылдар арасында Сарыағаш қаласы Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі маманы қызметін атқарды.
2003-2006 жылдар аралығы Алматы қаласы М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқарған.
2006-2011жылдар Шымкент қаласы №40 Комплексті мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2011-2013 жылдар Шымкент қаласы №5 мектеп- гимназиясында оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2013жылдың 1-қыркүйегінде «Компания Армантай» бөбекжай-балабақшасында меңгеруші қызметіне тағаындалды. Оның бүкіл қызметі мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру міндетін шешуге бағытталған. Ол балалар бақшасында педагогикалық және санитарлық талаптарға толық сәйкес білім тәрбие процесін ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасалуын қамтамасыз етеді. Ұжымда іскерлік, мақсат қоя білушілік және ынтымақшыл жағдай туғызады біледі. Меңгерушілік қабілеті жетік маман, ой өрісі кең, тәрбие мен білім беру процесін бірінші орынға қояды. Мектепке дейінгі мекеме меңгерушісінің қызметі үш бағытта- тәрбие мен методикалық жұмысқа басшылық ету, әкімшілік-шаруашылық мәселелерін шешу, ата-аналар арасында педагогикалық ағарту жұмысын ұйымдастыру бағытында жүргізіледі.
«Нұр Отан» партиясы Еңбекші аудандық филиалынан алғыс хаты, Шымкент қаласының Білім басқармасынан алғыс хаттары мен марапаттары бар.
Лазат Рысбековна үшін меңгеруші қызметі - тек қана қызмет емес, өмір салты. Басшы ретінде ол бөбекжай-бақшаның өсіп-өркендеуі, қызметкерлердің қолайлы жағдайда жұмыс жасауы, ал ата-аналардың өз балаларын сеніп тапсыра алуы үшін қолынан келгенін ешқашан аямайды. Джамиля Уалихановна өз ісінің нағыз маманы, бастамашыл, ұжым мүшелерінің шығармашылық қасиеттерінің оянуына, олардың жеке бас қасиеттерінің жандануы және жақсаруына ықпал ете алатын тәжірибелі басшы.
Басшы ретінде бөбекжай-бақшаның мақсаты, міндеті, ережесіне сай педагогикалық кадрларды шебер таңдай алатын қасиетке ие.
Джамиля Уалихановнаның жоғарғы креативті талғамының арқасында, бөбекжай-бақшаға ата-аналар мен олардың балалары күн сайын асқан құлшыныспен келеді. Бөбекжай бақшаның безендірілуіне қарап көз тартарлық көріністерді көруге болады.







Сұрақ қою