Мақсаты: мектеп жасына дейінгі және мектеп жасынан кіші балалардың зияткерлік қабілеттерін анықтау, шығармашылық әлеуетін дамыту және жан-жақты логикалық мәдениетін қалыптастыру.

«Үркер» зияткерлік орталығы: «Пони»(Ұста!Аш!Тап!Зертте!), «Үркер» марафонын  жыл сайын ұйымдастыруда. Бұл халықаралық турнир- бала, педагог, ата-ана субьектілерін білім алу үшін, маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-педагогикалық кешен.

Бұл сайысқа біздің бөбекжай-бақша бүлдіршіндері де белсенді қатысып, жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болуда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындағаны үшін, педагогтар да алғыс хаттар мен дипломдар марапатына ие болды.