Мақсаты: мектеп жасына дейінгі және мектеп жасынан кіші балалардың кәсіби білім беру және тұлғалық даму қабілеттерін анықтау, шығармашылық әлеуетін дамыту және жан-жақты логикалық мәдениетін қалыптастыру.

«Жаңа Білім» кәсіби білім беру және тұлғалық даму орталығы «Мыңнан тұлпар» байқауын ұйымдастырды. Бұл республикалық турнир - бала, педагог, ата-ана субьектілерін білім алу үшін, маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-педагогикалық кешен.

Бұл сайысқа біздің бөбекжай-бақша бүлдіршіндері де белсенді қатысып, жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болуда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындағаны үшін, педагогтар да алғыс хаттар мен дипломдар марапатына ие болды.