Мақсаты: мектеп жасына дейінгі және мектеп жасынан кіші балалардың зияткерлік қабілеттерін анықтау, шығармашылық әлеуетін дамыту және жан-жақты логикалық мәдениетін қалыптастыру.

«Дарын» орталығы: «Көрікті көктем» конкурын ұйымдастырды. Бұл қалалық конкурс бала, педагог, ата-ана субьектілерін білім алу үшін, маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-педагогикалық кешен.

Бұл конкурсқа біздің бөбекжай-бақша бүлдіршіндері де белсенді қатысып, жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындағаны үшін, педагогтар да алғыс хаттар мен дипломдар марапатына ие болды.